Қарағанды облыстық спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев өзінің әріптесімен келеңсіз жағдайға тап болды. Оқиға 21 қаңтар күні Қарағанды қаласындағы Бұқар жырау даңғылында болған.
Бейресми деректерге сәйкес, Сәпиевтің орынбасары басшының рұқсатынсыз құжаттарға қол қойған.
Сөйтіп басшы мен орынбасардың ортасынан от шыққан. Сәпиев дене жарақатын алып, костюмі мен көйлегі жыртылған.
Жағдайға байланысты облыстық полиция департаменті мәлімдеме жасады.
«Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Анықталғандай, 21 қаңтар күні қаладағы спорт кешендерінің бірінің ғимаратында екі ер адам арасында жанжал шыққан. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр», делінген хабарламада.