Фото: Depositphotos.com
Компанияның мәліметінше, 24 қаңтарда FS7167 рейсін (Алматы-Орал бағыты) орындау кезінде әуе кемесі құстармен соқтығысқан. Ұшақ Орал әуежайына қонғаннан кейін тексеру жүргізу және әуе кемесінің жекелеген бөлшектерін ауыстыру үшін Астанадан инженерлік-техникалық мамандар жіберілген.
Барлық тексеру жұмыстары аяқталған соң ұшақ пайдалануға жарамды деп танылып, 25 қаңтар күні сағат 01:17-де Орал-Алматы бағыты бойынша ұшып шыққан. Кешіктірілген рейс жолаушыларына ыстық сусындар мен тамақ беріліп, сұраныс бойынша 33 жолаушы қонақүйге орналастырылған.
FlyArystan өкілдері құстармен соқтығысу жағдайлары әуе компаниясына тәуелсіз сыртқы факторларға жататынын атап өтті. Барлық әрекет авиациялық қауіпсіздік пен техникалық пайдалану талаптарына қатаң сәйкес атқарылған.
Елімізде алдағы үш жылда бірнеше өңіраралық әуе рейсі іске қосылады