Қоғам • 26 Қаңтар, 2026

Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтеді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтеді

Фото: ortcom.kz

Іс-шара consot_kz, constcouncil.kz ресми әлеуметтік желілердегі парақшаларда тікелей эфирде көрсетіледі. Тікелей эфир сағат 10:00-де басталады.

Еске салайық, Қазақстан Президенті Конституциялық комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Комиссия құрамына Ұлттық құрылтай мүшелері, танымал заңгерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, мәслихат төрағалары және қоғамдық кеңестердің өкілдері кіретін 100-ден астам адам енді. Комиссия жұмысына Конституциялық соттың Төрағасы жетекшілік етеді.

Елімізде арнайы Конституциялық комиссия құрылатын болды

Конституциялық комиссияны құру туралы шешім Президент тарапынан Ұлттық құрылтайдың отырысында жарияланған еді. Мемлекет басшысының айтуынша, бастапқыда парламенттік реформа аясында негізгі заңның шамамен 40 бабын өзгерту жоспарланған, алайда жұмыс барысында түзетулердің әлдеқайда көп қажет екені белгілі болған.

Ерлан Қарин: Конституциялық комиссияның құрылуы тарихи оқиға

Президент комиссия барлық ұсынысты жан-жақты зерделеп, жүйелейтінін, содан кейін нақты өзгерістер жобасы әзірленетінін атап өтті. Тек осыдан кейін ғана жалпыұлттық референдум өткізу мерзімі айқындалады.

Үнзила Шапақ: Конституцияның преамбуласын жаңарту елдің идеологиялық бағытын айқындайды

Еске салайық, 24 қаңтарда Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті.