Қоғам • 26 Қаңтар, 2026

Б.Алтынбеков: Конституциялық реформа – дамудың жаңа бағытын таңдау

24 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандағы конституциялық реформалар – әлемдік геосаяси ахуал талаптарын ескере отырып, мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы дамудың тың бағытын айқындайтын маңызды қадам. Бұл туралы Конституциялық комиссия мүшесі, «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының Төрағасы Бекзат Алтынбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Б.Алтынбеков: Конституциялық реформа – дамудың жаңа бағытын таңдау

Фото: Видеокадр

Б.Алтынбековтың айтуынша, әрбір өзгерістің өз мәні мен маңызы бар, ал бұл қадам – ел санасының жаңғыруының айқын көрінісі.

«Қызылордада өткен Ұлттық Құрылтайдың V отырысында күн тәртібіне мүлде тың бастамалар көтеріліп, болашақтың жарқын бағдары нақтыланды. Құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық Құрылтайдың тарихи мән-маңызы зор әрі айрықша жауапты миссиялары табысты аяқталды деп санауға болады. Енді жаңа институт ретінде Қазақстанның Халық Кеңесін құруды ұсынамын» деп тарихи мәлімдеме жасады. Ал, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі ретінде мен осы Халық Кеңесінің құқықтық мүмкіндіктері мен қызметі Ата заңымыздың жаңа редакциясында жан-жақты нақтылану керек деп санаймын», деді ол.

Максим Рожин: Халық кеңесі – жалпыұлттық диалогтың жаңа форматы

Сонымен қатар, Бекзат Алтынбеков Комиссия мүшесі ретінде бірқатар ұсыныстарға ерекше назар аударып, қолдауын білдірді. Олардың ішінде «Халық Кеңесі халықтың мүдделерін қорғайтын жоғары консультативтік орган болып табылады» және «Халық Кеңесінің құрамы Қазақстан азаматтарынан жасақталады» деген нормалар бар.

«Ортаға салынған ұсыныстарды қолдаймын. Жаңғыру дәуірінде аса зор тарихи миссияны атқаруға Халық Кеңесінің қызметі мен өкілеттігі, құқығы мен міндеттері осылайша Ата заңымызда нақтыланған жағдайда ғана оның қызметі баянды да нәтижелі болары сөзсіз. Әзірге менің ұсынысым – осы», деп сөзін түйіндеді Бекзат Алтынбеков.

С.Пономерев: «Таза Қазақстан» – Конституциядағы жаңа жауапкершілік өлшемі

Соңғы жаңалықтар