«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5512 әскери бөлімнің ұжымы майдангермен әрқашан тығыз байланыс орнатып, кейуананың шаңырағына жиі ат басын бұрып тұрады. Бұл жолы да әскери бөлім оркестрі ардагер тұратын үйдің ауласында соғыс әндерін шырқады. Әуезді әнді сілтідей тынып тыңдаған аула тұрғындары өнерпаз әскерилерге қошемет білдірді.
Ұландықтар 100 жасқа толған соғыс ардагерін туған күнімен құттықтап, Отан қорғау жолындағы ерлігі үшін алғысын білдіріп, зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі.
Айта кетсек, Мария Алексеевна Матюшина 1926 жылы жұмысшылар отбасында дүниеге келген. 1942 жылы 16 жасар Мария Новомосковск қаласына тәжірибеге келіп, ата-анасына айтпай, әскери маскировка курстарына ерікті болып жазылады. Жауынгерлік жолында қорғаныс құрылысы басқармасының 225-ші құрамында, 104-ші әскери құрылыс жасағының құрамында Беларуське дейін жеткен. Ардагер жеңісті Финляндия шекарасында қарсы алған.
Сұрапыл соғыс аяқталғаннан кейін отау құрып, 3 ұл мен 1 қыз тәрбиелеп өсірді. Кейуананың 11 немересі, 29 шөбересі, 3 шөпшегі бар.
Жетісу гарнизонының әскерилері 102 жастағы майдангерді құттықтады