Сенат • Бүгін, 07:53

Тұрғын үй қатынастары мәселесі талқыланды

14 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі, тұрғын үй қатынастары және құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарады.

Тұрғын үй қатынастары мәселесі талқыланды

Сурет: senate.parlam.kz

Талқылауға мүдделі мемле­кеттік ор­ган­­дардың, соның ішінде Ішкі істер, Қор­ғаныс министрліктерінің, Бас проку­ратураның, сондай-ақ бейінді ведомстволар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында атап өтілген­дей, заңның негізгі мақ­саты – күзет қызметі субъектілері­нің қызметін жетілдіру, қару иелеріне қойылатын талаптарды күшейту, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар, азамат­тық қорғау органдары қызметкер­лері мен әскери қыз­мет­шілерді тұрғын үймен қам­тамасыз ету, тұрғын үй төлемдері тетіктерін ретке келтіру.

Заңмен, атап айтқанда, тұрғын үй төлем­дерін ұсыну және жүзеге асыру тәр­тібін айқындау бойынша өкілеттік­­терді Үкіметке беру, азаматтық және қыз­меттік қару иелері үшін қосым­ша міндеттер енгізу, күзет қызметі субъекті­лері үшін есептілік орнату, сондай-ақ әскерилендірілген теміржол күзетінің құқықтық мәртебесін бекіту қарастырылады.

Бұдан бөлек, мемлекеттік құқық­тық статис­тика саласын­дағы ережелер нақты­ланады және құқық қорғау органдары бас­­шы­ларының кадрлық шешім­дер үшін жауапкершілігі күшейтіледі.

Талқылау қорытындысы бойынша ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік бақы­лауды күшейтуге, күзет қызмет­терінің сапасын арттыруға және құқық қорғау жүйесіндегі кадр сая­сатын жетілдіруге бағытталғаны атап өтілді.

 

Соңғы жаңалықтар