Фото: BuldingTESH
Масктың сөзінше, Optimus жай ғана техника емес, адамның күнделікті тіршілігіне көмектесетін ақылды көмекші болады. Яғни, ол үй шаруасына көмектесіп, түрлі тапсырманы орындай алады. Алайда роботтың нақты бағасы әзірге жарияланған жоқ.
Дегенмен Маск бұл уәдені нақты бекітіп отырған жоқ. Ол Tesla роботтарды тек толық дайын, қауіпсіз әрі тұрақты жұмыс істейтініне көз жеткізген кезде ғана сатылымға шығаратынын атап өтті. Сол себепті кейбір сарапшылар мен Engadget басылымының журналистері компания алдағы 2 жылда роботтарды нарыққа шығара қояды деп сенбей отыр. Өйткені мұндай технологияда күтпеген қиындықтар жиі кездеседі.
Айта кетейік, 2024 жылдың ортасында Илон Маск инвесторлармен кездесуде Optimus роботтарының бағасы шамамен 10 мыңнан 20 мың долларға дейін болуы мүмкін екенін айтқан.