Оқиға • Кеше

Алматы облысында мектептегі құрылыс олқылықтары бақылауға алынды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы облысындағы мектептердің бірінде құрылыс кемшіліктері анықталды. Облыстық білім басқармасына тұрғындардан мектеп ғимаратының төбесінен су аққаны туралы өтініш түскен. Аталған құрылыс кемшіліктерін жою мақсатында «Arsh Stroy» ЖШС мердігер ұйымы жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық білім басқармасына сілтеме жасап. 

Алматы облысында мектептегі құрылыс олқылықтары бақылауға алынды

Жергілікті атқарушы органдар жедел түрде нысанға барып, визуалды тексеру жүргізіп, жағдайға құқықтық баға берген. Тексеру нәтижесінде анықталған олқылықтар сол күні мердігер ұйымға ресми түрде көрсетіліп, «Arsh Stroy» ЖШС кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою бойынша міндеттеме алған.

«Шатырдағы ақауларды жою жұмыстары биылғы жылдың 1 ақпанына дейін толық аяқталады. Жағдай тұрақты бақылауда тұр», деп мәлімдеді мердігер ұйым өкілдері.

Қазіргі уақытта нысанда жергілікті атқарушы орган өкілдері, депутаттар, сондай-ақ «Amanat» партиясының төрағасы болып, жағдайды бақылауда ұстап отыр. Бұзушылықтарды жою барысын жауапты мемлекеттік құрылымдар үйлестіреді.

Айта кетейік, 900 оқушыға арналып соғылған №20 орта мектеп 2013 жылы пайдалануға берілген. Алайда бүгінде мұнда екі ауысымда шамамен 1 800 оқушы білім алады.
Оқу орны 2024 жылғы 21 мамырда күрделі жөндеуге жабылып, 2025 жылғы 1 қыркүйекте қайта жұмысын бастады.

Жөндеу жұмыстарының тапсырыс берушісі - Іле ауданы әкімдігі, ал мердігер – «Arsh Stroy» ЖШС.

Тексеру барысында мектептің жертөле бөлмесінде судың жиналғаны да анықталған. Қазіргі уақытта суды сорғыту және бөлмелерді кептіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ылғалдың пайда болу себептері нақтыланып жатыр.

Сонымен қатар, дренаж жұмыстары бұған дейін басталғанымен, толық аяқталмаған. Ауа райы жылынғаннан кейін жұмыс жалғасады.

Соңғы жаңалықтар