Фото: sports.kz
Кездесуде жылдам гол соғылып, есепті «Арсенал» құрамасы екінші минутта ашты. Азулы қарсылас сапынан Виктор Дьёкереш көзге түсті.
«Қайраттың» есепті теңестіруіне жетінші минутта мүмкіндік туды. Қарсылас қорғаушылары «Қайрат» шабуылшысы Жоржиньоны айып алаңында шалып жығып, төреші пенальти белгіледі. Жоржиньо мүлт кетпей, есепті теңестірді.
Одан кейін лондондық клубтан Кай Хаверц 15-ші минутта, Габриэл Мартинелли 33-ші минутта Анарбеков қақпасынан саңылау тапты.
Екінші кезеңде де «Арсенал» ойын тізгінін бақылауда ұстады. Десе де 93-ші минутта Рикардиньо есепті 3:2-ге қысқартты.
Осылайша, «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі соңғы ойынында 3:2 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, «Қайрат» қос қақпашы – Анарбеков пен Қалмырзаға қатысты шешім қабылдады.
Жақында «Қайрат» сапына екі жаңа ойыншы қосылып, аргентиналық жартылай қорғаушы Себастьян Себальос және бразилиялық қорғаушы Лукас Африкомен келісімшартқа қол қойды.
Ал Чемпиондар лигасы аясында өз алаңымызда соғылған жалғыз голдың авторы Әділет Садыбеков «Ақтөбеге» ауысады.