Қоғам • Кеше

Жаңаөзендегі дәрігер өлімі: ІІМ өкілі пікір білдірді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңаөзен қаласында дәрігер-терапевттің өліміне қатысты қылмыстық істің тергелу барысына Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха пікір білдірді. Сенатта өткен брифинг барысында ол бұл істің жаңа заң шеңберінде қалай саралануы мүмкін екеніне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңаөзендегі дәрігер өлімі: ІІМ өкілі пікір білдірді

Фото: azattyq-ruhy.kz (архив)

Журналистердің медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін жауапкершілікті күшейтетін жаңа нормаларға байланысты қойған сұрағына жауап берген Игорь Лепеха нақты құқықтық баға тергеу барысында берілетінін айтты. Оның сөзінше, бұл жағдайда қылмыстың өзі аса ауыр санатқа жатады.

«Бұл – нақты тергеушінің құзыретіндегі мәселе. Істің барлық мән-жайы ескеріліп, соған сай құқықтық баға беріледі. Дегенмен, адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істің қозғалуының өзі өте ауыр салдарды білдіреді. Жаңа нормалар негізінен қорқыту немесе күш қолдану қаупі бар жағдайларға қатысты қабылданған. Ал адам өлтіру – бұл өз алдына бөлек, аса ауыр қылмыс, оның саралау белгілері өзгеше. Ондай бап онсыз да өте қатаң, сондықтан қосымша түзетулердің қажеті жоқ», деді Игорь Лепеха.

Дәрігерлер қауіпсіздігіне кепілдік беретін заң қабылданды

Сонымен бірге ІІМ басшысының орынбасары тергеу органдары қажет болған жағдайда істі Қылмыстық кодекстің өзге де нормаларымен жиынтық түрде қарастыруы мүмкін екенін атап өтті.

Жаңаөзенде ауруханалардың бірінде дәрігерді пышақтап кетті

Соңғы жаңалықтар