«Лукойл» америкалық Carlyle инвестициялық компаниясымен шетелдегі активтерін сату жөнінде келісімге келді. Бірақ бұл мәміленің компанияның Қазақстандағы активтеріне қатысы жоқ. Компания оларды өз меншігінде қалдыратын болды. «Лукойлдың» жобалары елімізде лицензиялар аясында жұмысын жалғастырады.
Жасалған келісімге АҚШ-тың Шетелдік активтерді бақылау басқармасы секілді бірқатар реттеуші орган рұқсат беруі қажет.
Компания басқа да әлеуетті сатып алушылармен келіссөздерді жалғастырып жатқанын хабарлады.