Аймақтар • Бүгін, 08:02

Ажырасу тіркелмеген аудан

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпо­рациясының Қызылорда облыстық филиалы таратқан бір мәліметке жанымыз жылыды. Өткен жылды қорытын­дылаған филиал мамандары Жалағаш ауданында бірде-бір отбасының ажырасуы тіркелмегенін айтып отыр. Олар мұны сирек кездесетін құбылысқа балайды.

Ажырасу тіркелмеген аудан

Жалпы, облыста өт­­кен жылы 3 792 не­ке, ­338 ажыра­су тір­кел­ген екен. Жыл ішін­де Қы­зыл­орда қаласында 197 отбасы­ның шаңы­рағы шайқалыпты. Бұзылған некелер саны жөні­нен екінші орында Байқоңыр қаласы, одан кейін Жаңақорған ауданы тұр. Мамандар бұзыл­ған неке­лердің жалпы саны өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға төмендегенін айтады.

Өңірдегі ажырасу деңге­йінің төмендеуі отбасы инс­титутын нығайту мен отбасы­лық құндылықтарға жауап­кер­шілікпен қарауды қалып­тас­тыру бағытындағы жұмыс­­тың жемісі. Жалағаш­тағы жақ­сы үрдіс басқаларға да жұғыс­ты болғай. Шайқалмаса шаңы­рақ, қандай бақыт!

 

ҚЫЗЫЛОРДА

 

Соңғы жаңалықтар