Театр • Бүгін, 07:50

Жаңғырған «Абай»

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында «Абай» операсының жаңар­тылған нұсқа­сының
премьерасы өтті. Сексен жылдан астам уақыт бойы бұл шығарма ұлт­тық опера өнерінің жау­һары әрі театрдың
ай­рықша бет-бейнесіне айналып үлгерді.

Жаңғырған «Абай»

Сурет: inbusiness.kz

Спектакльде көркемдік және музыкалық шешімдер жаңар­тылып, классикалық түп­нұсқасының мазмұны сақтал­ған. Ұрпақтар сабақтастығы жалғасып, дәстүр мен заманауи ой да тоғысады.

Жаңа қойылым Абайдың ішкі жан дүниесін, оның адамгершілік таңдауы мен өз дәуірімен рухани қайшылығын тереңірек ашуға бағытталды. Қойылымның сценографиясы мен визуалдық шешімдерінде айтарлықтай өзгерістер жа­салған. Қойылым суретшісі Есенгелді Тұяқов сахналық кеңістікті даланың жинақталған бейнесі ретінде қалыптастырды. Рауан Қайруллаева жасаған сахналық образдар тарихи формалар мен ұлттық нақыштарға негізделіп, заманауи көркемдік тұрғыда қайта пайымдалды.

Ал операның музыкалық партитурасы өзгермеген. Қо­йылымның бас дирижері Нұржан Байбосыновтың бас­қаруымен оркестр, хор және солистер партитураның ауқы­мын айшықтап, тұтас әрі үйлесімді музыка ұсынады. Қойылым режиссері Фархат Мол­дағали жаңа нұсқада ұрпақ­тар сабақтастығы тақырыбы айрықша көтерілгенін атап өтті.

Шығармада кәсіби опера өнерінің бай формалары – ария­лар, речитативтер, ансамбльдер кеңінен қолданылған.

Соңғы жаңалықтар