Сурет ашық дереккөзден алынды
Өтемақы ретінде компания бастапқыда небәрі 10 доллар – доменді тіркеуге кеткен ақшаны ғана ұсынады. Осы ұсыныс қоғамда үлкен наразылық туғызып, бұқаралық ақпарат құралдары Майктың жағына шығады. Қарапайым оқушы мен алып корпорация арасындағы тартыс жұртқа әділетсіз көрінеді. Ақыры іс сотқа жетпей шешіледі. Келісім бойынша Майк доменді «Microsoft»-қа береді. Ал ол оның орнына «Xbox» ойын құрылғысын, отбасымен бірге корпоративтік фестивальге жолдаманы, «Microsoft Certified Professional» бағдарламасы бойынша тегін курс алады.