Сурет ашық дереккөзден алынды
Осы ұғым 1964 жылы Токиода өткен Олимпиада қарсаңында пайда болған. Сол кезде жапон компанияларының бірі «Манпо-кей» деп аталатын қадам санағыш құрылғы шығарады. Атауының мағынасы – «10 000 қадам есептегіші». Ал 10 000 саны ғылыми дәлелге емес, жай ғана әдемі, есте қаларлық сан болғандықтан таңдалған. Кейін осы көрсеткіш түрлі денсаулық ұсынымдарына еніп кетеді де, «күндік норма» сияқты қабылдана бастайды. Әлбетте, жаяу жүру – денсаулыққа өте пайдалы. Бірақ күніне міндетті түрде 10 000 қадам жүру керек екенін дәлелдейтін ешқандай ғылыми тәжірибе жүргізілмеген.