26 Маусым, 2015

НАТО делегациясымен кездесті

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәжіліс Спикері Қабиболла Жақыпов комитет төрағасы Виталино Канаш бастаған НАТО Парламенттік Ассамблеясы Қауіпсіздіктің азаматтық өлшемі жөніндегі комитеті делегациясымен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Мә­жі­лістің заңнамалық қызметі, Палаталардың халықаралық ын­тымақтастығы, сондай-ақ, оның құрамы мен құрылымы әңгіме өзегіне айналды.  В.Канаш өз сөзінде Қазақстанның НАТО мен НАТО ПА үшін маңызды әріптес екенін атап өтті. – Қазақстанның біздің жұ­мы­сымызға түрлі бағыттарда, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға қосып жатқан үлесін жоғары бағалаймыз, – деді В.Канаш. Мәжіліс Төрағасы Ау­ған­станға көрсетілген экономикалық және гуманитарлық көмек туралы, ауған жастарына арналған білім бағдарламалары жайлы баян­дады. Осы ретте, Қ.Жақыпов Қазақ­стан Президенті саясатында ғаламдық қауіпсіздік пен тұрақ­ты даму жағдайларына басымдық берілетінін атап өтті. Бұл жерде Украина мен Қырғызстанға көрсетіліп жатқан көмек сөз етілді. Жүздесу кезінде, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерге, көппартиялы Пар­ламент пен ҚХА қызметтеріне көңіл бөлінді.