26 Маусым, 2015

Оқу-жаттығуға алғаш рет қатысты

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматы облысында «Іле» оқу-жаттығу орталығының базасында  «Дала қыраны – 2015» командалық-штабтық оқу-жаттығуының 2-кезеңі қорытындыланды. Шетелдік өкілдер шетел мем­ле­кеттерінің әскери қызметші­лерімен бірлескен операцияларды жүргізу кезінде іс-қимылдардың үйлесімділігін, қазақстандық бі­тім­гер­шілердің дайындығының жо­ғары деңгейін атап өтті. Қазбриг, Қазбат-1 және Қаз­бат-2 әскери қызметшілері бі­рін­­­ші аптада симуляторларда ше­шім қабыл­дау әскери үдерісін оқып-үйренді. Бітімгершілік опера­­цияларға оқып-үйрету үшін ко­­- ман­да­лық-штабтық оқу-жат­ты­ғу­­лар­дың белсенді фа­засы JCATS ком­пьютерлік бағдар­ла­масы қолданыла отырып сүйе­мелденді.  Одан басқа, Қазбриг пен Қазбат-2 штабтары халықаралық қатысушылармен күшейтілді. Екінші кезеңде жеті мемле­кеттің әскери қызметшісі қатыс­ты. Атап айтқанда, Америка Құра­ма Штаттары, Ұлыбритания, Ауған­стан, Непал, Қырғыз Респуб­ликасы, Тәжікстан Республикасы және Түркия. Ауғанстан, Непал және Түркия әскери қызметшілері бұл оқу-жаттығуға алғаш рет қаты­сып отырғанын айта кету қажет. Оқу-жаттығу барысында БҰҰ-ның бітім­гершілік операция­ларын өткі­зу барысында Қазбриг және Қазбат штабы жұмысының практикалық дағдылары жетіл­дірілді, әскери-азаматтық өзара іс-қимыл, тарату, күреске қарсы тараптарды қарусыздандыру және ымыраға келтіру жөніндегі іс-шара­ларды жоспарлау кезінде бөлім­шелерді басқару және бақы­лауда машықтары арттырылды.  Одан басқа, «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасының қатысушы елдерімен қазақстандық бітімгершілік бригадасының жедел үйлесімділігі шыңдалды. «Егемен-ақпарат».