26 Наурыз, 2015

Астаналық ару сән байқауында Гран-при жеңіп алды

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
25-03-15-innara_iusupova-3АСТАНА. 26 наурыз. Алматы облысы Қапшағай қаласында 17-20 наурыз аралығында ұйымдастырылған Face of Central Asia сән сайысында Астананың 16 жасар қызы Иннара Юсупова бас жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы CA-NEWS.kz хабарлады. Сайыста Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің атынан барлығы 42 ару өнер көрсетті. Байқау он жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан Азия фестивалінің аясында өткізілді. Шара қорытындысы бойынша 13 модель таңдап алынды. Енді олар үстіміздегі жылдың 19-25 сәуір аралығында Сеулде (Оңтүстік Корея) өтетін Asia model Awards атты халықаралық фестивальға қатысады. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: CA-NEWS.kz. 25-03-15-innara_iusupova-1 25-03-15-innara_iusupova-2
Соңғы жаңалықтар

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • Кеше