Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»
Жеткізілімнің шамамен 90 мың тоннасы Теңіз кен орны мұнайына, ал 20 мың тоннасы Қашаған кен орны өніміне тиесілі. Жөнелту Ақтау теңіз порты арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Теңіз мұнайын БТД арқылы жіберу наурыз айының басына шегерілуі мүмкін.
«ҚазТрансОйл» мәліметінше, қаңтар айында аталған бағыт бойынша шамамен 106 мың тонна мұнай экспортталған.
Мемлекет басшысы Үкіметке елдегі мұнай өңдеу зауыттарын жедел жаңғыртуды тапсырды
Баку – Тбилиси – Джейхан бағытымен Түркияның Жейхан портына шығу Қазақстанға экспортты әртараптандыруға және санкциялық шектеулер жағдайында ресейлік порттарға тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мұнайының БТД арқылы жеткізілімі 11%-ға төмендеп, 1,263 млн тоннаны құрады. Қысқару 2025 жылдың жазында Azeri BTC партияларынан органикалық хлоридтердің анықталуына және айдау жұмыстарының уақытша тоқтауына байланысты болды. Теңіз бен Қашағаннан БТД бағытына экспорт күзде қайта жанданған.
Әлемдік мұнай өндіру өсіміне ықпал ететін елдер қатарында Қазақстан бар ма?