Қоғам • 14 Ақпан, 2026

Алматыда әскери-патриоттық тәрбиеге баулу жүйелі іске асып келеді

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласында Үкімет қаулысымен бекітілген 2030 жылға дейінгі жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасы аясында жұмыстар жүйелі іске асып келеді. Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде қалада мамандандырылған сыныптар мен әскери-патриоттық клубтар ұйымдастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда әскери-патриоттық тәрбиеге баулу жүйелі іске асып келеді

Бүгінде Алматы қаласының 8 ауданында 7-9-сынып оқушыларына арналған 28 «Жас Сарбаз» сыныбы жұмыс істейді, оған қатысатын оқушылар саны – 768. Алматы қалалық Полиция департаментімен бірлесіп, 5-7-сынып оқушыларына арналған 15 «Жас Сақшы» сыныбы ашылды. Мектептер мен колледждер базасында 22 әскери-патриоттық клубқа 800-ден астам оқушы қатысады.

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін оқытудың сапасын арттыру мақсатында қалада осы бағыт бойынша 224 педагог еңбек етіп жатыр. Бұл аталған пәннің мазмұндық және әдістемелік тұрғыдан тұрақты дамып келе жатқанын көрсетеді. Жастарды әскери-патриоттық іс-шараларға тартуға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша қала мектептері мен колледждерде әскери жиындар, спартакиадалар, олимпиадалар, конкурстар, патриоттық фестивальдер, сондай-ақ «Айбын», «Қалқан», «Сардар», «Мерген-Ару», «Сарбаз» және өзге де жарыстарды қамтығанда 90-нан астам түрлі іс-шара өтті.

ддд

Мемлекеттік кеңесші әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды

Алматы қаласының оқушылары республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Атап айтқанда, қаланың құрама командасы әскери эстафетада 1-орын иеленіп, Қорғаныс министрінің кубогін жеңіп алды. Бірқатар ірі спартакиада мен халықаралық әскери-патриоттық сайыста жүлделі орынға ие болды. Былтыр білім беру ұйымдарында әскери тактиканың негіздерін тәжірибелік тұрғыда меңгеруге бағытталған «Геотактика» бағдарламасы пилоттық режимде енгізілді. «Ер борышы – ел қорғау» тақырыбымен ұйымдастырылған ашық есік күндері аясында 20 мыңнан астам білім алушы әскери бөлімдерге, жоғары әскери оқу орындарына және әскери кафедраларға барып, әскери қызметтің ерекшеліктерімен танысты. Жүзеге асып жатқан шаралар жастардың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыруға, әскери қызметке деген құрметті арттыруға және Отанды қорғауға жауапкершілікпен қарау мәдениетін нығайтуға ықпал етіп келеді.

Президент халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын ашты

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Оқиға • Бүгін, 15:22