АСТАНА. 26 наурыз. Сауд Арабиясы көршілес жатқан Йемен аумағындағы бүлікші шииттік хоуситтерге қарсы әскери әуе соққысын берді. Сондай-ақ, бұл операцияға Египет, Марокко, Иордания, Судан Кувейт, БАӘ, Катар және Бахрейн елдерінің әскери ұшақтары қатысуда. Тағы бірнеше елдің билігі хоуситтерге қарсы әуе соққысын беруге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы euronews.com хабарлады.
Әскери соққы бүгін түнде басталды. Осыған қатысты Сауд Арабиясының АҚШ-тағы елшісі Адель әл-Джубейр түсініктеме беріп: «Біз Йеменнің заңды билігін көтерілісшілер тарапынан болатын кез келген қауіптен қорғау үшін қажет нәрсенің бәрін жасаймыз. Себебі, бүлікшілердің баллистикалық ракеталарға, әскери ұшақтарға және басқа да аса қауіпті қаруларға қол жеткізу мүмкіндігі жоғары», – деді.
Хоуситтердің әскери бүлігі бірнеше айдан бері жалғасып келеді. Осы уақыт аралығында олар ел астанасы – Сана мен бірнеше ірі елді мекенді басып алды. Ал соңғы аптаның ішінде шииттер үлкендігі жөнінен Йемендегі үшінші қала – Таиз бен бірнеше әскери базаны өз бақылауларына алды. Бүгінде бүлікшілер елдің ең ірі портты қаласы Аденаға таяп қалды. Ол жерде Йеменнің президенті Абд Раббо Мансур Хадидің жасырынғаны белгілі.
Сауд Арабиясы әскери соққы жасау үшін ресми Вашингтонның келісімін алғанын айтты. Кейбір сарапшылар шииттерге қарсы жасалған бұл әрекет Сауб Арабиясының аймақтағы басты қарсыласы Иранның ашуын тудыруы мүмкін екенін айтуда.
Еламан Қоңыр.
Дерек: euronews.com.
Сурет: aif.ru.

АҚШ пен Иран келісімінен кейін мұнай арзандады
Әлем • Бүгін, 09:48
Рио-де-Жанейро аспанында екі тікұшақ соқтығысып, 6 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:33
Қазақстан триатлоншылары Азия чемпионатының алғашқы күнінде екі алтын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 09:22
Әлем чемпионаты: Швеция Тунистен басым түсті
Спорт • Бүгін, 09:18
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:10
Соңғы минутта соғылған гол Кот-д’Ивуарға жеңіс сыйлады
Футбол • Бүгін, 09:09
Coca-Cola Belesteri: Әйелдер мен жастарға 1 млн теңгеден 10 грант беріледі
Қоғам • Бүгін, 09:00
Әлем чемпионаты: Нидерланд пен Жапония тең түсті
Футбол • Бүгін, 08:41
Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 08:27
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 08:18
Германия Кюрасао құрамасын 7-1 есебімен ойсырата ұтты
Спорт • Бүгін, 00:05