26 Наурыз, 2015

Африкадағы шаңғы курорты (фото)

511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26-03-2015 ifran 008АСТАНА. 26 наурыз. Африкада шаңғы курорты бар дегенге сенер ме едіңіз? Рас, сену қиын. Дегенмен, қара құрлықта да қар жауады. Марокконың Ифран атты қаласы бар. Атлас тауынан орын тепкен қала теңіз деңгейінен 1665 метр биіктікте тұр. Міне, дәл осы жерде Альпідегі шаңғы курорттарынан кем түспейтін кешен бар. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Ифранның ауа райы Еуропаға өте ұқсас. Қаңтар-наурыз айларында қар жауып, кәдімгі өзіміз білетін қыс болады. Қаланың өзі де еуропалық стильде салынған. Сол себепті де бұл жерді «Марокконың Швейцариясы» деп атайды. Қыста ауа температурасы Цельсий көрсеткіші бойынша 0 градустың маңайында болады. Өңірдегі ең төменгі температура -24 градус болғаны тарихта жазулы тұр. Ал жазда орташа ауа температурасы +28 градус. Қаланың іргетасын 1930 жылдары Франциядан келген жұмысшылар қалаған. Ол кезде Марокко аталған елдің боданы болғаны белгілі. 1956 жылы азаттық алған кезде елдегі барлық француз Еуропаға оралып, қала толығымен жергілікті халықтың игілігінде қалды. Содан бері марокколықтар Ифранның аумағын кеңейтіп, жаңа нысандар салғанымен, қаланың негізін сол күйінде қалдырды. Ендеше Африкадағы шаңғы курорты болғаны үшін ғана елдің назарын аударған қалаға бірге саяхат жасайық. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: facebook.com. 26-03-2015 ifran 002 26-03-2015 ifran 09 26-03-2015 ifran 01 26-03-2015 ifran 009 26-03-2015 ifran 18 26-03-2015 ifran 20 26-03-2015 ifran 21 26-03-2015 ifran 011 26-03-2015 ifran 10 26-03-2015 ifran 17 26-03-2015 ifran 001 26-03-2015 ifran 003 26-03-2015 ifran 005 26-03-2015 ifran 04