АСТАНА. 26 наурыз. Өзбекстанның Ұлттық Қауіпсіздік қызметі ел шекарасында бой тасалап жүрген «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының содырларынан қауіптенеді. Әсіресе, Ауғанстанмен шекарадағы лаңкестер өте белсенді. Сондай-ақ, түрікмен-өзбек шекарасында да содырлар жиі төбе көрсетіп жүр. Бұл туралы news-asia.ru хабарлады.
Ұлттық Қауіпсіздік қызметінің сарапшысы Бахтиер Шарафовтың айтуынша, Ауғанстанға шоғырланған экстремистер Өзбекстан мен Орталық Азия елдеріне үгіт-насихат жүргізу үшін өз адамдарын жіберген. «Орталық Азияның басты қақпасы саналатын Өзбекстан шекарасында «Ислам мемлекеті» содырларының пайда болуы өңірде лаңкестіктен төнген қауіпті күшейтті. Уақыт өткен сайын экстремистік ұйыммен соғыстың аясы кеңейіп келеді. Соның салдарынан әскери және басқа да соғыс тәсілдері қолданылуда. Біздер Солтүстік Ауғанстандағы жергілікті жихадшылар мен лаңкестік топтың бірігіп әрекет етуінен қауіптенеміз», – дейді Бахтиер Шарафов.
Осыған дейін сарапшылар Ауғанстаннан АҚШ әскері шығарылса, содырлардың белсенділігі артуы мүмкін екенін бірнеше рет айтқан болатын.
Еламан Қоңыр.
Дерек: news-asia.ru.
Сурет: cont.ws.

ҰБТ кезінде 470-тен астам ереже бұзушылық анықталды
Қоғам • Кеше
Трамп Ормуз бұғазының ашылғанын мәлімдеді
Әлем • Кеше
Қалада тұрса да, ауылын ұмытпаған кәсіпкер
Қоғам • Кеше
Үкімет цифрлық теңгені кең ауқымда енгізу жоспарын бекітті
Экономика • Кеше
Елордада есірткіге қарсы күрес жаңа форматта насихатталды
Заң мен Тәртіп • Кеше
ҰБТ-да ереже бұзған 176 түлектің нәтижелері жойылды
Білім • Кеше