АСТАНА. 13 мамыр. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты, журналист-жазушы Қайсар қажы Әлімнің «Мекке, Мәдинам менің!» атты кітабы жарық көрді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Еңбекте автордың Мекке, Мәдинаға жасаған қажылық сапары, имандылық құндылықтарына негізделген ой-пайымы, ішкі сезім-сыры баяндалады.
Кітаптың жазылуы туралы Қайсар қажының алғы сөз ретінде берілген «Жүрек сөзі» немесе жолай жоғалған жүгімнің Алланың құдіретімен қолыма тұтастай табысталғаны туралы» атты түсіндірме жазбасында кеңінен айтылған.
Қажылықтан елге оралған кезде Астана әуежайында қаламгердің қолына жүгінің бір бөлігі ғана тиеді. Ал жоғалған жүктің ішінде Құран кітаптары, Қағба бейнеленген кілемшелер, жайнамаз, тасбих секілді сый-сияпаттары болған екен. Жанына батқаны – қастерлі мекенде шын ықыласпен жүргізген күнделік-қолжазбасы да сол қапшықтың ішінде кетуі еді.
«Сол күнделік-қолжазбам қайтпағанда, бұл кітабым – қажылық пайымым қалай жазылар еді деп, күңіреніп, іле тәубеме келемін! Жазылар-ау, бірақ ізін суытпай дәптеріме түрткен, деректердің дәлме-дәлдігі, тулаған сезім ұшқыны, имандылық иірімі, тазарған жүрек сөзі, бәрі-бәрі айна қатесіз сол күйінде тіл ұшына оралар ма еді, оралмас па еді...» – деген қаламгер болған іске шүкіршілік айтады.
Жаңа туынды «Мекке» және «Мәдина» атты екі бөлімнен тұрады. Мазмұнын сапалы суреттер айшықтаған кітап оқырманын рухани кемелділікке тәрбиелейді.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 13 Мамыр, 2015
Рухани кемелділікке тәрбиелейтін кітап жарық көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49
Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады
Президент • Бүгін, 13:46
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес
Президент • Бүгін, 13:34
Қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес: Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы туралы
Президент • Бүгін, 13:30
Президент экологиялық күн тәрбін әзірлеу барысында дамушы елдердің қажеттіліктерін ескеруге шақырды
Президент • Бүгін, 13:18