АСТАНА. 13 мамыр. Атыраудағы халықаралық аэропортқа Халық Қаһарманы, Ұлы Отан соғысының ардагері, қазақтың даңқты ұшқыш қызы Хиуаз Доспанованың есімі берілді. Бұл туралы liter.kz хабарлады.
Аталған аэропортта Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай мерекелік шара ұйымдастырылып, сол жерде қуанышты жаңалық жария етілді. Аэропорт басшылығының айтуынша, оларға облыстық әкімдіктен хат келіп түскен. Онда бастамашы топ пен Парламент депутаттарының Хиуаз Доспанованың есімін беру туралы ұсыныстары айтылған. Бұл ұсынысты аэропорт қызметкерлері бірауыздан қолдап, мақұлдады.
Хиуаз Доспанова 1922 жылы 15 мамырда сол кездегі Гурьев (қазіргі Атырау) облысына қарасты Ганюшкин ауылында туған. 1940 жылы Орал қаласындағы №1 мектепті алтын медальмен бітірген. Кейін Мәскеудегі Жуковский атындағы әскери-әуе акадмеясына құжат тапсырады. Алайда, академия қыз баланы қабылдаудан бас тартады. Есесіне, Бірінші Мәскеу медициналық институтына емтихансыз қабылданады.
Зұлмат жылдарда 588-ші түнгі бомбалаушы әуе полкінің штурман-атқышы болды. Жау тылында көптеген әскери тапсырмаларды орындаған. Екі рет ауыр жарақат алып, қайтадан сапқа қосылған. Жеңісті Берлин түбінде қарсы алды.
Ерен ерлігі үшін бірқатар наградалармен марапатталды. 2004 жылдың 7 желтоқсанында Қазақстан Президентінің Жарлығымен Халық Қаһарманы атағы берілді.
Хиуаз Доспанова 2008 жылы 20 мамырда қайтыс болды. Қазіргі таңда Атыраудағы спорт сарайы және «Эйр Астана» әуе компаниясының «Еmbraer 190» лайнері батырдың есімімен аталады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: liter.kz.
Сурет: headline.kz.
• 13 Мамыр, 2015
Атырау аэропортына Хиуаз Доспанованың есімі берілді

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49
Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады
Президент • Бүгін, 13:46
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес
Президент • Бүгін, 13:34
Қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес: Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы туралы
Президент • Бүгін, 13:30
Президент экологиялық күн тәрбін әзірлеу барысында дамушы елдердің қажеттіліктерін ескеруге шақырды
Президент • Бүгін, 13:18