АСТАНА. 26 наурыз. Бүгінде Қырғызстанда орыс тілі мен Ресей білімінің апталығы өтуде. Елдің Білім және ғылым министрлігі мұрындық болған шара барысында орыс тілі пәнінің мұғалімдері біліктілігін арттыруда. Сондай-ақ, мектеп оқушылары мен студенттер арнайы байқауға қатысуда. Финалға дейін жеткен қатысушылар алдағы күзде Мәскеуге барып, тәжірибе жинап қайтады. Бұл туралы news-asia.ru хабарлады.
Мұндай кең көлемдегі шара Қырғызстанда алғаш рет өткізілуде және соңғысы болуы да ғажап емес. Себебі, Мемлекеттік тіл бойынша ұлттық комиссияның мүшелері ел үшін орыс тілінің қажеті шамалы деп санайды. Сондай-ақ, Ата Заңдарында жазылған орыс тілінің ресми деген мәртебесін алып тастауды ұсынуда. Алайда, қырғыздар жақын арада мұндай қадамға бара алмайды. Өйткені, Конституцияға түзету енгізуге 2020 жылға дейін мораторий жарияланған.
Соңғы жылдары ел ішінде мемлекеттік тіл мәселесі қызу талқыланып, «Бір ел – бір тіл» деген ұран пайда болды. Білім және ғылым саласында жүрген мамандар мен БАҚ өкілдері осы мәселені жиі көтеріп, ел арасында елең еткізерліктей пікірталас тудырды. Соңында түйткілді мәселенің нүктесін ел президенті Алмазбек Атамбаев қойып: «Қырғызстанда тұрып қырғыз тілін білмеу – арсыздық және надандық», – деді.
Осыдан кейін елде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, мәртебесін арттыруға негізделген Ұлттық бағдарлама дайындалып, 2020 жылға дейін арнайы жоспар жасалды. Соған сәйкес, қырғыз тілін оқыту тәсілі түбірімен өзгеріп, балабақшадағы баладан билік басындағы шенеуніктерге дейін мемлекеттік тілді білу міндеттелді. Бүгінде қырғыз тілін қажет деңгейде білмейтін шенеуніктер заң бойынша қызметінен аластатылады.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: news-asia.ru.

Германия Кюрасао құрамасын 7-1 есебімен ойсырата ұтты
Спорт • Бүгін, 00:05
Президент асыл тұқымды арғымақтарын көруге арнайы барды
Президент • Кеше
Қазақстанның волейболшылары жартылай финалға шықты
Спорт • Кеше
Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті
Елорда • Кеше
АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Қоғам • Кеше
Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Кеше