АСТАНА. 26 наурыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Оңтүстік Қазақстанға жұмыс сапары аясында Н.Назарбаев «Аделя» шаруа қожалығы жылыжайының жұмысымен танысты.
Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылған «Аделя» шаруа қожалығы жылыжай кешенінің өндірістік қуаты жылына 6 мың тонна өнім өндіруге жетеді. Кәсіпорында шамамен 200 жаңа жұмыс орны құрылған.
Жылыжай кешенін басқару толығымен автоматтандырылған. Нысан француздық Rishel компаниясының заманауи жабдықтарымен жабдықталған.
Президент сондай-ақ, облыстың кәсіпкерлерімен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен әңгімелесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық оң көрсеткіштерін атап өтті.
– Оңтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кешені үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Мемлекет ауыл шаруашылығын дамыту ісіне жан-жақты қолдау көрсетіп, қажетті қаражат бөлуде. Бес жылда өңірде 2,3 миллион тонна көкөніс өндірілді. Қазақстанда мұндай жоғары көрсеткіштері мен табиғи жағдайлары бар басқа өңір жоқ. Қазір біз Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен шекарамызды ашып жатырмыз. Осыған байланысты бізге өзімізді ғана емес, көрші елдерді де өніммен қамтамасыз ету қажет, – деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы елімізде көлік инфрақұрылымын дамытудың қажеттігіне де назар аударды.
– Егер елде жақсы жолдар болмаса, сауда дамымайды, сәйкесінше экономика да өркендемейді. Сондықтан біз қазір елдің барлық өңірінде көлік желілерін салып жатырмыз, мыңдаған жұмыс орындары ашылуда. Әр өңірдің алдына нақты міндеттер қойылған, соны орындау жұмыстарын жалғастыру қажет, – деді Президент.
Аграрлықтар Нұрсұлтан Назарбаевқа ауыл шаруашылығы саласындағы шағын және орта бизнес кәсіпорындарына көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдау үшін ризашылықтарын білдірді.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: akorda.kz.

Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 18:35
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:20
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Бүгін, 18:00
Глуховка ауылының маңындағы өрт «Семей орманы» резерватына қауіп төндірді
Оқиға • Бүгін, 17:59
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 17:37
Министр сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 17:27
Михаил Шайдоровқа 250 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындалды
Спорт • Бүгін, 16:58
Астанада азық-түлікті тиімді бағада қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:54
Алматыдағы Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады
Алматы • Бүгін, 16:49
ChatGPT мен AliExpress компаниялары Қазақстан бюджетіне салық төледі
Экономика • Бүгін, 16:26
«Грантқа түсіремін»: Астанада 111 адамды алдаған алаяқ сотталды
Оқиға • Бүгін, 15:55
Қарағандыда 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 15:47