АСТАНА. 13 мамыр. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Масаеси Камохарамен кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Кездесуге сондай-ақ, Қазақстан тарапынан – Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары, Мәжіліс депутаты Е.Тарасенко, Жапония жақтан – Парламенттік білім, мәдениет, спорт, ғылым және технология аға вице-министрі М.Фудзии, Мәдениет агенттігінің дүниежүзілік мұралар жөніндегі бөлімінің директоры Т.Окамота қатысты.
Кездесуді ашқан Мемлекеттік хатшы Жапония Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі екеніне тоқталды. Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысының 2008 жылдың маусым айында Жапонияға жасаған сапарының нәтижесі стратегиялық серіктестікті нығайтуға ықпал еткенін айрықша атап өтті. Ол Қазақстан мен Жапонияның үкіметтік және жекеменшік секторларының экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясының қызметін жоғары бағалады. Мәселен, 2014 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1,7 млрд. долларды құрады.
Әңгіме барысында әлеуметтік-гуманитарлық саладағы Қазақстан-Жапония қарым-қатынасын дамытудың өзекті мәселелері қозғалды. Гүлшара Әбдіқалықова екі ел халықтарының артып келе жатқан өзара мүдделестігі жағдайында мәдени алмасулардың маңыздылығына ерекше тоқталып, мәдениет саласында екіжақты келісім жасау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Сонымен қатар, тараптар гендерлік теңдік мәселелерін, соның ішінде 1995 жылы өткен БҰҰ-ның әйелдер ахуалы жөніндегі төртінші бүкіләлемдік конференциясында қабылданған Пекин декларациясы және іс-қимылдар тұғырнамасы аясындағы мәселелерді талқылады.
Кездесу соңында елші Мемлекеттік хатшыға Жапонияның Премьер-Министрі С.Абэнің биыл тамыз айында Токиода өтетін ІІ Бүкіләлемдік әйелдер конференциясына шақыртуын табыс етті.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: akorda.kz.

Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37