GP TV құрылғысының алдыңғы және артқы бетінде бірдей 48 дюймдік экран орналасқан. Екі дисплей де 4К ажыратымдылықтағы OLED матрицасымен жабдықталған. Теледидар қайта өңделген материалдардан жасалған металл тіректерге орнатылған және Dolby Atmos дыбыс технологиясын қолдайды.
ChatGPT кәмелетке толмағандарды автоматты түрде анықтай бастайды
Компания өкілдерінің айтуынша, GP TV бірнеше қолданушының бір мезетте көруіне арналған. Мәселен, геймерлер үшін ыңғайлы шешім ретінде ұсынылады. Сондай ақ модель мемлекеттік сектор мен үкіметтік мекемелерге бағытталған.
Журналистер бұл шешімді тосын деп бағалады.
«Мұндай құрылым ерекше көрінеді, себебі теледидарлар мен мониторлардың көбі қабырғаға немесе үстелге қойылады. Сондықтан артқы беттегі экран көп жағдайда қажетсіз болып көрінуі мүмкін», деп жазады олар.
Сарапшылар техникалық тұрғыдан жаңашыл болғанымен, екі жақты конструкцияның күнделікті өмірдегі практикалық қолданысына күмән бар екенін айтады.
GP TV бағасы мен сатылымға шығу мерзімі әзірге жарияланған жоқ. Алайда TPV Technology Group бұл модель премиум санаттағы өнім екенін атап өтті.
Айта кетейік, қаңтар айының соңында Counterpoint Research сарапшылары Samsung компаниясы алдағы уақытта әлемдегі жетекші теледидар өндіруші мәртебесінен айырылуы мүмкін екенін болжаған еді. Сарапшылардың пікірінше, бұл атақты қытайлық TCL компаниясы иеленуі ықтимал.