Иранның Мәдени мұра министрлігінің мәліметінше, 2013 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Тегерандағы Гүлстан сарайы әуе соққыларынан кейінгі жарылыс бөлшектерінің әсерінен ішінара бүлінген. Бұған дейін айнамен көмкерілген тақ залы мен музей экспонаттары сақтау бөліміне көшіріліп үлгерген.
Гүлстан сарайы – Тегеран қаласындағы ең көне сәулет кешендерінің бірі. Ол 1779 жылы билікке келіп, Тегеранды астана еткен Қаджарлар әулетінің резиденциясы болған. Сарай атауы парсы тілінен аударғанда «Раушан сарайы» деген мағынаны білдіреді.
Иран неге америкалық және израильдік ұшақтарды атып түсіре алмайды?