Әз Наурыз – Шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, жыл басы. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны тойлауды дәстүрге айналдырған. Бұл – бірліктің, ізгіліктің және қатал қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Сол себепті, осы күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін жан жоқ шығар, сірә.
Әр жылдан жақсылық пен жаңалық күтетін халқымыз биылғы Наурызды да ерекше қарсы алды. Мәселен, Астанадағы дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебіндегі Наурыз мерекесі өзгеше айшықпен аталып өтті. Аталған білім ұясының директоры Әлия Сексенованың, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнәзия Байулованың белсенділігімен ұйымдастырылған, сондай-ақ, ұстаздар мен оқушылар құлшыныс танытқан мерекелік шара өзгеше бояумен әрленіп, жиналғандарға айрықша көңіл-күй сыйлады.
Ұлыстың ұлы күні бұл білім ордасында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты салт-жоралғылар жасалды. Мәселен, «Халқын сүйген – салтын сүйер» тақырыбында ұйымдастырылған арнайы бағдарлама аясында сынып жетекшілерінің бастамасымен «Төле би», «Қазыбек би», «Әйтеке би», «Мәңгілік Ел», «Абай» сынды бірнеше «ауыл» бой көтеріп, олардың әрқайсысында бата беру, айтыс секілді қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері жан-жақты насихатталды. Ал мерекелік концерт аясында өнерлі жастар мың бұрала билеп, ән мен күйден, жырдан шашу шашты.
Бұл күні осы білім ұясының 5А сыныбының жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі Гүлнәр Рахимованың қолға алуымен әзірленген көрме де өзінің танымдылық мазмұнымен көптің есінде қалды. Мәселен, XIX ғасырдан жеткен көне жәдігерлер, оның ішінде зергерлік бұйымдар, тұрмыстық заттар, моншақпен әрленген түскиіз, Николай патша кезеңінің тиындарынан жасалған қапсырма қойылған көрме балалардың таным көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, білімдерін де жетілдіре түсті. Сондай-ақ, мектеп оқушыларының асық ойнау, арқан тарту, қазақша күрес сынды ұлттық ойындардан жарысқа түсуі мерекенің шырайын кіргізді.
«Ұлттық мереке – ұрпаққа өнеге» тақырыбында өткен мәдени шара соңында оған атсалысқан барлық өнер ұжымы мен оқушылар ерекше көңіл-күймен тарқасты.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
АСТАНА.

Германия Кюрасао құрамасын 7-1 есебімен ойсырата ұтты
Спорт • Бүгін, 00:05
Президент асыл тұқымды арғымақтарын көруге арнайы барды
Президент • Кеше
Қазақстанның волейболшылары жартылай финалға шықты
Спорт • Кеше
Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті
Елорда • Кеше
АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Қоғам • Кеше
Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Кеше