13 Мамыр, 2015

Маңғыстау облысында үш жігіт оқушы баланы тонап кетті

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
13-05-2015-tonau 01АҚТАУ. 13 мамыр. Маңғыстау облысында үш жігіт оқушы баланы тонап кетті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға Қарақия ауданының Мұнайшы ауылында болған. Жапа шеккен баланың анасы, 38 жастағы жергілікті тұрғын полицияға шағым түсіріп, ұлын белгісіз біреулердің тонап кеткенін хабарлады. Кейін белгілі болғандай, үш жігіт мектеп оқушысын қорқытып, көлікке отырғызады да, ауыл шетіне апарып күртесі мен шалбарын шешіп алған. Жәбірленушінің отбасы материалдық шығынды 10 мың теңге деп бағалады. Тәртіп сақшылары осы оқиғаға қатысы бар 25 жастағы жігітті ұстады. Қылмысқа қатысушы қалған екі күдікті іздестірілуде. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: egemen.kz. Сурет: vko.sud.kz.