Білім • Бүгін, 08:20

Наурыз айындағы тестілеу басталды

0 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елімізде наурыз айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өткен апта басталған еді. ҰБТ 6 сәуірге дейін жалғасады. 184 мыңға жуық адам ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. Олардың 74,4%-ы – қазақ тілінде, 25,5%-ы – орыс тілінде, 216 адам ағыл­шын тілінде тестілеуден өтуге ниетті.

Наурыз айындағы тестілеу басталды

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Ұлттық тестілеу орталығының дере­гіне қарағанда, 2026 жылы Ұлттық бірың­ғай тестілеудің форматы өзгеріссіз қа­лады. Талапкерлер үш міндетті пәнді және таңдауы бойынша екі бейіндік пәнді тапсырады. ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихы» пәні бойынша – 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» пәндерінен 10 тапсырмадан, сондай-ақ екі бейіндік пәннің әрқайсысынан 40 тапсырмадан беріледі. ҰБТ бойынша ең жоғары балл да өзгер­мейді, 140 балды құрайды. Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерек­ше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек. Сонымен қатар талапкерлер өтініш беру кезінде тестілеу күнін, уақытын, пунктін өздері таңдайды.

ҰБТ барысында калькулятор, хи­мия­лық элементтердің периодтық жүйе­сі (Менделеев кестесі) және тұздар­дың ері­гіштік кестесі тестілеу бағдар­ла­ма­сын­да қол­жетімді болады. Тест тап­сыру­шы­лар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 ми­нут ішінде апелляцияға өтініш бере ала­ды. Апелляцияға өтініш берген тес­ті­ленушілердің сертификаты апелля­циялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде шығады.

Наурыз айындағы ҰБТ-ға қатысу өті­німін бергендердің ең көп таңда­ған бейінді пәндер комбинациясы – «Ма­те­матика-физика», оны талапкерлердің 18,7%-ы таңдаған. Яғни бұл – болашақ мұғалімдер, инженерлер, механиктер, техниктер мен технологтер, энергетиктер, құрылысшылар. Ал 16,6%-ы – «Биология-Химия», 10,3%-ы «Шығармашылық емтихан» пәндерін таңдады, сәйкесінше бо­лашақ медициналық қызметкерлер мен шығармашылық саласының мамандары.

Айта кету керек, биыл Ұлттық тесті­леу орталығы талапкерлерге лайық­ты маман­дық таңдауға көмектесетін «Edunavigator.kz» кәсіби бағдар беру платформасын іске қосты. Плат­форма болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға мүмкіндік беріп, жоғары оқу орындарына түсу кезінде сенімділікті арттырады.

ҰБТ-ға дайындық сапасын арттыру мақ­сатында байқау сынақтары іске қосылды. Оқу жылының басында Ұлттық тестілеу ор­талығының ресми сайтында талапкерлерге арналған көмекші материалдар жарияланды. Атап айтқан­да, ұсынылатын әдебиеттер тізімі, «Қазақ­стан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойын­ша 100 негізгі тарихи датаның тізімі, «Ин­­фор­­матика» пәні бойын­ша терминдер ті­зімі, сондай-ақ «Қазақ әдебиеті» мен «Орыс әдебиеті» пәндері бойынша міндетті әдеби шығармалардың тізбесі ұсынылды.

Естеріңізге сала кетсек, наурыздағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күн­­діз­гі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орын­­дарына қабылданғандар, өткен жыл­­ғы мек­теп және колледж түлек­тері, Қа­­зақстан азаматы емес ұлты қазақ тұл­ға­лар, шетелде білім алған ел азамат- тары, мек­теп бітіретін түлектер жоғары оқу орын­­дарына ақылы негізде түсу үшін  қатысады.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Қазақстан • Бүгін, 09:24