Фото: ҚТЖ
10-12 наурыз аралығында 7 пойыз арқылы 390 жолаушы қауіпсіз орынға жеткізілді.
10 наурыз күні Астана – Павлодар учаскесінде жолаушыларды №353 «Семей – Нұрлы жол» пойызына отырғызу ұйымдастырылды. Павлодар, Екібастұз, Шідерті және Ерейментау станцияларынан Нұрлы жол станциясына дейін 44 жолаушы жеткізілді.
11-12 наурыз күндері Ақтөбе – Атырау учаскесінде бірнеше пойыз бағыты арқылы жолаушылар тасымалданды:
№692 «Ақтөбе – Атырау» пойызы Ақтөбе станциясынан Қандыағаш, Алға және Бестамақ станцияларына дейін 73 жолаушы тасымалданған.
№109 «Маңғыстау – Ақтөбе» пойызы Алға, Бестамақ станцияларынан Ақтөбе станциясына дейін 13 жолаушы жеткізілген.
№110 «Ақтөбе – Маңғыстау» пойызы Ақтөбе станциясынан Алға және Бестамақ станцияларына дейін 117 жолаушыны тасымалдады.
№34 «Ақтөбе – Алматы» пойызы Ақтөбе станциясынан Алға және Қандыағаш станцияларына дейін 44 жолаушы жеткізілген.
№691 «Атырау – Ақтөбе» пойызы Қарауылкелді, Шұбарқұдық, Алға, Бестамақ станцияларынан Ақтөбе станциясына дейін 35 жолаушы тасымалданды.

Сондай-ақ, Павлодар – Астана учаскесінде жолаушыларды тасымалдау №139 «Павлодар – Пресногорьковская» пойызымен жүзеге асырылған. Шідерті, Ерейментау, Еркеншілік станцияларынан Астана станциясына дейін 64 жолаушы жеткізілген.
ҚТЖ компаниясының мәліметінше, 2026 жылғы қысқы маусым басталғалы қолайсыз ауа райына байланысты пойыздармен шамамен 2 мыңға жуық жолаушы тасымалданған.