Туризм • Бүгін, 12:53

«Үздік туристік ауыл – 2026» ұлттық байқауы жарияланды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Kazakh Tourism «Үздік туристік ауыл – 2026» байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Үздік туристік ауыл – 2026» ұлттық байқауы жарияланды

Жоба туризмді дамытуға, мәдени мұра мен дәстүрлерді сақтауға және еліміздегі ауылдық жерлердің экономикалық өсуін қолдауға бағытталған.

Байқауға қатысуға өтінімдер 2026 жылдың 10 сәуіріне дейін қабылданады. Оған облыс әкімдіктері өңірдегі үш ауылды ұсына алады.

Туризм түйткілдері: Сөзден іске көшетін кез келді

Байқауға қатысушыларды туризм саласындағы сарапшылардан тұратын тәуелсіз кеңес бағалайды.

Айта кетейік, 2025 жылы үздік туристік ауылдар қатарына Лепсі (Жетісу облысы), Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы), Хан Ордасы (БҚО), Поперечное (ШҚО), Шабанбай би (Қарағанды облысы) ауылдары енген еді.

Отандық туризмге тартылған инвестиция 32 пайызға артты

Соңғы жаңалықтар