Ауа райы • Бүгін, 09:27

Астанада демалыс күндері ауа райы қандай болады?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада алдағы демалыс күндері күн райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжамынша, елордада бұлтты ауа райы сақталып, түнде үсік жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Фото: istockphoto.com

13 наурызда қалада күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы -1°C шамасында болса, түнде -4°C-қа дейін суытады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 11 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Аязды күні жолда қалған 390 адам пойызбен тасымалданды

14 наурызда аспанды бұлт торлайды, бірақ жауын-шашын күтілмейді. Сынап бағаны күндіз – 0°C, түнде – -3°C.

Ал 15 наурызда елорданы тұман басады деп болжанған. Күндіз де, түнде де температура нөл градус айналасында (түнде -3°C-қа дейін) сақталады.

Еске сала кетейік, кеше Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, қар жауды.

Соңғы жаңалықтар

Ақылға бірлік

Пікір • Бүгін, 09:00