Президент • 13 Наурыз, 2026

Снежанна Имашева жаңа қызметке тағайындалды

1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының өкімімен Снежанна Валерьевна Имашева Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды. Ол сондай-ақ Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары лауазымын қатар атқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Снежанна Имашева жаңа қызметке тағайындалды

Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институты қоғамдағы отбасы құндылықтарын нығайтуға, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ демографиялық саясатты іске асыруға бағытталған жұмыстарды үйлестіруге ықпал етеді. Бұл қызмет мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейтуге де арналған.

Қазақстанда бизнеспен айналысатын әйелдерге кімдер көмектеседі?

Ұлттық комиссия әйелдер құқығын қорғау, гендерлік теңдікті ілгерілету, отбасы институтын қолдау және демографиялық саясатты дамыту бағытындағы мемлекеттік бастамаларды үйлестірумен айналысады. Снежанна Имашеваның жаңа қызметі осы салалардағы жұмысты жүйелеуге және қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталмақ.

Соңғы жаңалықтар

Сіз білесіз бе?..

Әдебиет • Бүгін, 09:56

Шәмілге арналған шумақтар

Әдебиет • Бүгін, 09:47

Жыр жанарындағы мөлдір тамшы

Әдебиет • Бүгін, 09:42

Түлектердің туған жерге тартуы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:40

Кіші Аралдың ауқымы ұлғайды ма?

Экология • Бүгін, 09:35

Бибісара көш бастап тұр

Шахмат • Бүгін, 09:31

Ақтоғай жарыққа жарымай отыр

Мәселе • Бүгін, 09:27

Арулар сайысы

Байқау • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:13