Спорт • Бүгін, 08:15

Жарыс күнделігі

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Польша астанасы — Варшавада дзюдодан «European Open 2026» турнирі басталады. Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) құрлық сайысына қатысатын балуандардың тізімін түзді.

Жарыс күнделігі
  • Еліміздің ұлттық құрамасы да Варшава татамиінде тартысқа түседі. Атап айтқанда, 60 кг салмақта Сұңғат Нұрлатұлы, Нұрдәулет Мейрамбеков, Асылхан Зейнуллин, Тоқтар Үмітәлиев, 66 кг салмақ дәрежесінде Мейірбек Байзақов, Нұрсұлтан Зайзағалиев, Ақжігіт Насыр, 73 кг-да Мәди Жеткерген, Ерсұлтан Дүйсенхан, 81 кг салмақта Азат Күмісбай, Жалғас Қайролла, Айғали Қалдыбек, Ерзат Арғынов, 90 кг-да Ақжол Дүйсенбаев, Даниил Крылов, Айбол Нысанәлі, 100 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Асқар Біржанов, аса ауыр салмақта (+100 кг) Санжар Жабборов күреседі. Әйелдер арасындағы тартысқа да бірнеше балуанымыз аттанды. 48 кг салмақта Тасним Әбдуәлі, Іңкәр Құралбай, Аяна Дүйсенбай, 52 кг-да Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова, 57 кг салмақ дәрежесінде Карина Қаракенова, 63 кг-ға дейінгі балуандар белдесуіне Асылжан Орынбасарова, Самалай  Ерғалиева, Ханзада Қайратова, Дәмелі Асылханова, 70 кг салмақта Мөлдір Нарынова, Кристина Сотникова, 78 кг-да Шынар Абатова, Аруна Жангелдина, 78 кг-дан жоғары салмақта Камила Берліқаш сынға түседі.
  • Черногорияның Будва қаласында 17-18 жастағы жасөспірім боксшылар арасында «Адратика жауһары» халықаралық турнирі өтті. Еліміздің боксшылары дүбірлі додадан олжалы оралды. Ерлер арасындағы тартыста Әділ Асқанбай (50 кг), Данияр Ақбисенов (60 кг), Ақжүрек Қалабай (65 кг) турнир чемпионы атанса, Нұрхан Құмарбеков (50 кг), Айдамир Сауытбек (+90 кг) финалда сүрініп, күміс медальды місе тұтты. Нұрбек Қыздарбек (80 кг), Дәулет Төлеуғалиевке (+90 кг) қола медаль бұйырды. Адриат теңізінің жағалауындағы халықаралық тартыста қыздарымыз  қайрат танытты. Мадира Жұмақан (48 кг), Жадыра Қалтай (51 кг), Рамина Маханова (54 кг), Алина Құдайгенова (60 кг), Алтынгүл Аймұхан (75 кг) алтын медаль олжалады.  Ғалиябану Ғабит  (48  кг), Айым Сүттібаева (51 кг), Жанел Имантаева (54 кг), Индира Қыдырмолдаева (60 кг), Жайнагүл Сабыр­жан (65 кг), Жансая Молдабаева (80 кг) күміс жүлде алды. Жәмила Болатбекқызы (54 кг), Жаннұр Қалдыбек (54 кг), Ксения Свечкарова (65 кг) жартылай финалда тоқтап, қоланы қанағат тұтты. 
Соңғы жаңалықтар