Кеше Премьер-Министрдің орынбасары Б. Сапарбаев «Каннам Северанс» клиникасы мен денсаулық индустриясын дамыту институтының және халықаралық денсаулық орталығының басшыларынан тұратын Корея Республикасының делегациясымен кездесті.
Қазақстан тарапынан кездесуге Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Білім және ғылым министрліктерінің, сондай-ақ, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің басшылары қатысты.
Келіссөздер жүргізу барысында тараптар Қазақстан мен Кореяның денсаулық сақтау саласында қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Бейінді министрліктердің арасында бекітілген меморандумдар аясында Кореяның емханаларында қазақстандықтарды емдеу, сонымен қатар, отандық мамандарды оқыту жүйелі түрде жүргізіледі. 2014 жылғы желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің негізінде аталған университет пен Каннам Северанс емханасының бірлесуімен диагностикалық орталық ашылды.
Қазіргі таңда аталған емдеу мекемесімен өзара байланысты Шығыс Қазақстан облысы белсенді жүзеге асырып келеді. Бұл өңірдің аудандарында тұратын халық үшін корей дәрігерлерінің қатысуымен шеберлік сыныптары, емделушілерге кеңес беру бойынша қабылдаулар ұйымдастырылады. Сонымен бірге, Өскемен қаласында орналасқан Оңалту орталығына мамандар даярланып, облыстық емханаға қымбат диагностикалық жабдық сыйға тартылған. Осы жылы Қазақстанға «Каннам Северанс» емханасындағы атақты дәрігерлердің күрделі операциялар жасауға тегін негізде келуі жоспарланған.
Сондай-ақ, кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайту және дамыту, сонымен қатар, медициналық орталықтың құрылысы және өңірлердегі жедел жәрдем жүйесін модернизациялау жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Германия Кюрасао құрамасын 7-1 есебімен ойсырата ұтты
Спорт • Бүгін, 00:05
Президент асыл тұқымды арғымақтарын көруге арнайы барды
Президент • Кеше
Қазақстанның волейболшылары жартылай финалға шықты
Спорт • Кеше
Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті
Елорда • Кеше
АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Қоғам • Кеше
Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Кеше