27 Наурыз, 2015

Есімі мен еңбегі ұмытылмайды

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы Нұрлан Қаппаровтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Елбасы Н.Қаппаровтың кенеттен қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Жеделхатта ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында Н.Қаппаров жастар арасынан дараланып шыққан кәсіпкер ретінде танылғаны атап өтілген. Ол әр жылдары «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ президенті, Қоршаған орта және су ресурстары министрі, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы болды, сондай-ақ, басқа да жауапты лауазымдарда өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарды. «Н.Қаппаров өзінің мол білімі мен тәжірибесін әрдайым еліміздің өсіп-өркендеуіне жұмсаған дарынды ұйымдастырушы болды. Халқымыз оның есімі мен еңбегін ұмытпайды», – делінген жеделхатта.