Референдум • Бүгін, 15:23

Ақмола облысының тұрғыны туған күнінде дауыс берді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Державинск қаласындағы №482 референдум учаскесіне келген Наталья Нағашыбекованың бүгін туған күні екен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысының тұрғыны туған күнінде дауыс берді

Таңсәріден сайлау учаскесіне келген жұбайлар дауыс берді. Осылайша олар өздерінің азаматтық борыштарын атқаруды дұрыс деп тапқан. Бір қызығы бүгін Наталья Сергеевнаның туған күні екен.

– Мен үшін бүгін ерекше күн, 48 жасқа толып отырмын. Осы бір өмірімдегі есте қалатын күні жаңа Конституцияның жобасы бойынша референдум өткізілуде. Екі перзент тәрбиелеп отырған анамын. Мен үшін туған күнімдегі жанымды жадыратар құттықтаулармен қатар, ел болашағын айқындайтын сәттің тұспа-тұс келуі айрықша оқиға, – дейді Наталья Сергеевна.

Алматыда референдум барысын 1300-ден астам тәуелсіз бақылаушы қадағалап отыр

л

Қала тұрғындары осы бір оқиғаны азаматтық белсенділікті көрсететін мысал деп есептейді.

Сарапшы: Азаматтардың саяси белсенділігі артқан

Жарқайың ауданы

Соңғы жаңалықтар