Референдум • Бүгін, 07:50

Еxit poll: Халықтың 86,7 пайызы жаңа Ата заңды қолдады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Интеграция институты жариялаған бірінші Exit poll нәтижелері бойынша ел азаматтарының 86,7 пайызы бюллетеньде «Иә, қабылдаймын» деп жа-уап берген.

Еxit poll: Халықтың 86,7 пайызы жаңа Ата заңды қолдады

Еуразиялық интеграция институты еліміздің 17 өңірі мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында референдум учаскелеріне барып, дауыс берген азаматтар арасында сауалнама жүргізген.

«Сауалнамада 200 референдум учаскесін қамтыды. Оның ішінде 129-ы қалада, 71-і ауыл-ды жерде орналасты. Сауалнамаға жалпы 30 мың респондент қатысты. Оларға арнайы даярланған сұхбат алушылар face-to-face әдісі арқылы сауал қойды. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды. Күні бойы жеті өлшем жүргізілді. Аралық қорытындылары 09.00-де, 10.30-да, 12.30-да, 14.30-да, 16.30-да, 18.30 және 20.30-да жасалды», делінген институт мәлімдемесінде.

Дауыс берушілерге «Сіз жаңа Конститу­ция­ны қабылдайсыз ба?» деген сұраққа қай жауап нұсқасын таңдадыңыз?» деген бір ғана сұрақ қойылған. Exit poll нәтижелеріне сәй­кес, респонденттердің 86,7 пайызы «Иә, қабыл­даймын» деп жауап берген. Айта кетсек, ре­ферендумға азаматтардың 75,3 пайызы қатысты.

 

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық байқаушылардың бағасы

Референдум • Бүгін, 08:30

Айман мен Шолпанның тілегі

Референдум • Бүгін, 08:10

Қос ғасыр куәгері де қалыс қалмады

Референдум • Бүгін, 08:00