Референдум • Бүгін, 12:05

ШЫҰ байқаушылары: Референдум демократиялық дамуға серпін берді

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде өткен республикалық референдум халықаралық байқаушылардың назарында болды. Шанхай ынтымақтастық ұйымының миссиясы елдегі саяси науқанның дайындалуы мен өткізілу барысын бақылап, оның заң талаптарына сай өткенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

ШЫҰ байқаушылары: Референдум демократиялық дамуға серпін берді

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясының басшысы, Бас хатшысының орынбасары Олег Копылов 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумды дайындау және өткізу барысын бақылау нәтижелері туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, миссия құрамында ШЫҰ-ға мүше жеті мемлекеттен аккредиттелген 17 бақылаушы жұмыс істеген.

Еxit poll: Халықтың 86,7 пайызы жаңа Ата заңды қолдады

Бақылаушылар елдегі саяси науқанның заңнамалық талаптарға сай ұйымдастырылғанына назар аударған. Миссия өкілдері референдумды дайындау және өткізу кезеңдерін бақылау барысында ұлттық заңнама талаптарының бұзылғанын немесе дауыс беру нәтижесіне әсер етуі мүмкін қандай да бір заңсыз әрекеттерді тіркемегенін айтты.

«Миссия Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдум Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарына және ел қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес өткенін атап өтеді. Миссия референдумның заңдылығына күмән келтіретін немесе оның нәтижелеріне әсер етуі мүмкін ұлттық заңнама нормаларының бұзылуын тіркеген жоқ. Миссия республикалық референдумды ашық, сенімді және демократиялық деп таниды. Миссия референдум Қазақстан Республикасындағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам болды деп есептейді. Біздің миссия жұмысының қорытындысы бойынша мәлімдеме қабылданды, ол миссияның барлық мүшелері тарапынан мақұлданды. Мәлімдеме мәтіні белгіленген тәртіппен Орталық референдум комиссиясына жолданып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады», деді Олег Копылов.

Түркия Жоғарғы сайлау кеңесінің төрағасы: Қазақстан референдумға сапалы дайындалған

ШЫҰ миссиясының қорытынды мәлімдемесі халықаралық бақылаушылардың референдум барысын оң бағалағанын көрсетеді. Бұл баға елдегі саяси реформалар мен демократиялық институттардың дамуына бағытталған бастамалардың халықаралық деңгейде де назардан тыс қалмағанын аңғартады. 

Соңғы жаңалықтар