Спорт • Бүгін, 11:56

Олимпиадаға дайындық барысын қолдау: Спортшыларға қомақты қаржы берілді

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Олимпиада ойындарына дайындық аясында Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) жеке стипендиялық бағдарламасына енген қазақстандық спортшыларға алғашқы қаржылық төлем жасалды. Бұл туралы Ұлтық олимпиада комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Олимпиадаға дайындық барысын қолдау: Спортшыларға қомақты қаржы берілді

Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар

Қолдау аясында әрбір спортшыға 2 500 доллар көлемінде қаражат берілген.

Аталған бағдарлама Олимпиадаға іріктеу кезеңі мен дайындық барысында спортшыларға қаржылай қолдау көрсетуге бағытталған. Ел атлеттерінің стипендия иегерлері қатарына қосылуына Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті бастамашы болған. ҰОК ұлттық федерациялармен және ХОК-пен бірлесіп жұмыс жүргізіп, өтінім беру процесін толық үйлестірген.

Жанкүйерлер Ербол Хамитовты әуежайда салтанатты түрде қарсы алды

Стипендия 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген жеке спорт түрлерінде бақ сынайтын спортшыларға беріледі. Іріктеу барысында үміткерлердің нәтижелері, Олимпиадаға жолдама алуға мүмкіндігі және жоғары нәтиже көрсету әлеуеті басты назарға алынды. Сонымен қатар допингке қатысты ереже бұзу деректерінің болмауы және Олимпиадалық хартия талаптарына қайшы келетін жайттардың жоқтығы маңызды талаптардың бірі болды.

Қазақстан құрамасы дзюдодан Австриядағы Гран-придің алғашқы күнінде бір қола медаль жеңіп алды

«Бөлінген қаражат оқу-жаттығу жиындарын өткізуге, жеке дайындыққа, жаттықтырушылар мен мамандардың еңбекақысын төлеуге, медициналық және ғылыми қолдауға, сақтандыруға, сондай-ақ, тұру мен тамақтану шығындарын өтеуге жұмсалуы мүмкін. Қаржының жұмсалуы белгіленген тәртіпке сай тұрақты түрде есепке алынады. 2028 жылғы Олимпиадаға дайындық кезеңі басталды. Әрбір дайындық сатысының маңызы зор. Бұл стипендия спортшыларға жаттығу жоспарын жүйелі құрып, іріктеу жарыстарына тыңғылықты әзірленуге көмектеседі. Нәтижесінде олар көздеген көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік алады», делінген Ұлтық олимпиада комитеті таратқан хабарламада.

Қысқы Паралимпиада аяқталды: Қазақстан жалпы есепте қандай нәтиже көрсетті?

ХОК стипендиясын иеленген спортшылар: 

  • Аида Әбікеева (бокс);
  • Сағындық Тоғамбай (бокс);
  • Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо);
  • Әбиба Әбужақынова (дзюдо);
  • Милад Карими (спорттық гимнастика);
  • Руслан Курбанов (семсерлесу);
  • Исхар Курбаев (грек-рим күресі);
  • Ризабек Айтмұхан (еркін күрес);
  • Зейнеп Баянова (әйелдер күресі);
  • Мария Бровкова (ескек есу - байдарка/каное);
  • Александра Ле (нысана көздеу);
  • Ислам Сәтпаев (нысана көздеу);
  • Әмір Маймұратов (спорттық құзға өрмелеу);
  • Батырхан Төлеуғали (таеквондо)
  • Алан Құрманғалиев (үстел теннисі);
  • Елизавета Матвеева (жеңіл атлетика);
  • Әсем Орынбай (стенд ату);
  • Сергей Петрович (ауыр атлетика);
  • Арай Нұрлыбекова (ауыр атлетика);
  • Данил Мусабаев (батуттағы гимнастика).
Соңғы жаңалықтар