АСТАНА. 13 мамыр. Алматы қаласындағы Республика сарайының алдында Батырхан Шөкеновті еске алу кеші өтеді. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасына сілтеме жасап, tengrinews.kz хабарлады.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, музыкант әрі композитор Батырхан Шөкеновтің құрметіне арналған кеш 18 мамыр – өнер жұлдызының туған күні сағат 20:00-де басталады. Алғаш болып сахнаға қазақстандық Chick Flick тобы шығады деп жоспарлануда. Топ музыканттың бірнеше шығармаларын орындағаннан кейін Республика сарайының алдында «Батыр: Live» фильм-концерті көрсетілмек. Бұл фильмге әншінің сахнадағы сәттері, достары мен жақындарының қысқа сұхбаттары, сахна сыртындағы түсірілімдер, сондай-ақ, өзінің пікірлері енген.
«Бұл күні Абай даңғылына келетін халықтан жеке автокөліктерін тастап, кеш өтетін жерге қоғамдық, муниципалдық көліктермен келулерін өтініп сұраймыз. Жұртқа қолайлы болуы үшін «Арман» кинотеатрының жанында аялдама, Республика сарайында жерасты тұрағы жұмыс істейді», – деп хабарлайды қалалық мәдениет басқарамысы.
Сол күні әншіні еске алу кештері Мәскеу қаласы мен Қытайда да өтетінін айта кетейік.
Батырхан Шөкенов 29 сәуірде 53 жасына қараған шағында жүрек талмасынан қайтыс болды.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: tengrinews.kz.

Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37