ҚЫЗЫЛОРДА. 13 мамыр. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев еркін күрестен Азия чемпионы Дәулет Ниязбековті қабылдады. Сыр елінің тумасы жақында Катардың Доха қаласында өткен Азия чемпионатында алтын медаль иеленіп, еліміздің туын көкке көтерді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Дәулет Ниязбеков 1989 жылы Жаңақорған ауданында туған. 10 жасынан күреспен айналысқан ол ересектер арасында еліміздің 5 дүркін жеңімпазы, Азия чемпионатының 2 мәрте қола жүлдегері.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Д.Ниязбековті жеңісімен құттықтап, бұл үлкен жеңістердің бастамасы болсын деп тілегін айтты.
«Биыл спортшыларымыз әлемдік ареналарда көптеген жоғары табыстарға қол жеткізуде. Соның бір дәлелі – Дәулеттің жеңісі. Сыр жұртшылығы атынан Дәулет інімізді жеңісімен құттықтап, алдағы байрақты бәсекелерде тәуелсіз еліміздің көк туын биікке желбірете беруін тілеймін. Ал біз өз тарапымыздан барлық жағдай жасап, қолдау көрсетуге дайынбыз», – деген аймақ басшысы балуанға қаржылай сыйлық табыс етті.
Өз кезегінде Азия чемпионы Д.Ниязбеков көрсетіліп отырған құрметке алғысын білдіріп, алдағы бәсекелерде жеңіске жету үшін бар күш-жігерін аямайтындығын жеткізді.
Сыр спортшыларының мұндай биік белестерден көрінуі спортқа деген қолдаудың артып отырғандығының дәлелі. Қазірде аймақ халқының 24,5 пайызы бұқаралық спортпен шұғылданады.
Айта кетейік, биыл Қызылорда қаласында бокс орталығы мен ипподром, Нағи Ілиясов ауылында стадион мен спорт кешені, Қазалы, Жаңақорған аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері халық игілігіне пайдалануға беріледі. Қала орталығында 4 дүркін Әлем чемпионы, 2 дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин атындағы ауыр атлетикадан спорт кешенінің құрылысы, сондай-ақ 3 мың орындық жабық футбол манежі бой көтереді.
Ержан Байтілес.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 13 Мамыр, 2015
Қызылорда облысының әкімі Азия чемпионын құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49
Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады
Президент • Бүгін, 13:46
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес
Президент • Бүгін, 13:34
Қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес: Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы туралы
Президент • Бүгін, 13:30
Президент экологиялық күн тәрбін әзірлеу барысында дамушы елдердің қажеттіліктерін ескеруге шақырды
Президент • Бүгін, 13:18