27 Наурыз, 2015

Қазақстан Республикасының Заңы

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына Түзетулерді ратификациялау туралы 1-бап. Халықаралық Валюта Қорының Басқа­ру­шылары Кеңесінің «Халықаралық Валюта Қорында квоталарды және дауыстарды реформалау» деген 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 63-2 Қарарымен мақұлданған Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына Түзету, Халықаралық Валюта Қорының Басқарушылары Кеңесінің «Халықаралық Валюта Қорының инвестициялық өкілеттіктерін кеңейту» деген 2008 жылғы 5 мамырдағы № 63-3 Қарарымен мақұлданған Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына Түзету және Халықаралық Валюта Қорының Басқарушылары Кеңесінің «Квоталарды он төртінші жалпы қайта қарау және Атқарушы кеңестің реформасы» деген 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 66-2 Қарарымен мақұлданған Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына Түзету ратификациялансын. 2-бап. Халықаралық Валюта Қорының Бас­қа­рушылары Кеңесінің «Халықаралық Валюта Қорында квоталарды және дауыстарды реформалау» деген 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 63-2 Қарарымен мақұлданған Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына Түзету 2011 жылғы 3 наурызда күшіне енді. Халықаралық Валюта Қорының Басқарушылары Кеңесінің «Халықаралық Валюта Қорының инвестициялық өкілеттіктерін кеңейту» деген 2008 жылғы 5 мамырдағы № 63-3 Қарарымен мақұлданған Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің Баптарына Түзету 2011 жылғы 18 ақпанда күшіне енді. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген түзетулер Қазақстан Республикасына қатысты күшіне енген кезден бастап қолданылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 20 наурыз.  № 298-V ҚРЗ