АСТАНА. 14 мамыр. Кувейт астанасы – Эль-Кувейтте дзюдодан Азия чемпионаты өтуде. Додаға Қазақстанның ерлер құрамасынан – 8, әйелдер құрамасынан 12 дзюдошы қатысуда. Жарыстың алғашқы күні ел қоржынына екі қола медаль түсті. Бұл туралы спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының ресми сайты confederation.kz хабарлады.
Екі жүлденің бірін 66 кг.-да сынға түскен Елдос Жұмақанов иемденсе, екіншісі Мариан Ордабаеваға (63 кг.) тиесілі.
Елдос бастапқы екі белдесуінде Сингх Саини (Үндістан) мен Ришод Собиров (Өзбекстан) жеңді. Ал жартылай финалда жапон Томофуми Такдзоға есе жіберді. Қола жүлде үшін таласта Қытай дзюдошысы Ма Дуанбиді иппон әдісімен жеңді. Мариан да қола медаль үшін белдесуінде Қытай спортшысынан осындай әдіспен басым түскенін айта кетейік.
Өкінішке қарай, алғашқы жарыс күнінде татамиге шыққан Елдос Сметов (60 кг.), Дастан Ықыбаев (73 кг.), Александра Подрядова (48 кг.) және Назгүл Құбашева (57 кг.) «қола» үшін таласта қарсыластарына жол берді.
Бүгін жарыс жолына Азиз Қалқаманұлы (81 кг.), Ислам Бозбаев (90 кг.), Максим Раков (100 кг.), Ержан Шынкеев (+100 кг.), Ділбар Өмірәлиева (70 кг.), Альбина Амангелдиева (78 кг.) және Гүлжан Исанова (+78 кг.) шығады.
Азия чемпионаты 15 мамырға дейін жалғасады.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: confederation.kz.
• 14 Мамыр, 2015
Дзюдо. Азия чемпионаты. Алғашқы күні қоржынға екі «қола» түсті

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49
Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады
Президент • Бүгін, 13:46
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес
Президент • Бүгін, 13:34
Қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес: Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы туралы
Президент • Бүгін, 13:30
Президент экологиялық күн тәрбін әзірлеу барысында дамушы елдердің қажеттіліктерін ескеруге шақырды
Президент • Бүгін, 13:18