27 Наурыз, 2015

Заң түсіндірілді

228 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жақында өткен облыс әкімдігі мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастамасымен ұйымдастырылған семинар-кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзекті мәселелеріне арналды. Семинар-кеңестің жұмысына облыстық атқарушы органдар, облыстық тексеру комиссиясы, сондай-ақ, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, «Нұр Отан» партиясының, «Атамекен Одағы» ҰЭП өкілдері қатысты. Семинарға қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде облыс әкімі аппаратының басшысы Константин Петров іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру болып табылатынын атап өтті. Бұдан кейін сөз алған Мем­лекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, тәртіптік кеңес төр­ағасы Қайыржан Тоқышев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясының негізгі ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар, ол бүгінде агенттік пен оның аумақтық бөлімшелері елімізде сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту үшін, мемлекет пен қоғам өмірінің әртүрлі саласында оның себептері мен жағдайларын жою үшін жүргізіп жатқан кешенді шараларға тоқталды. Баяндамашы мемлекеттік қызмет көрсетудің қол жетімділігін, сапасын көтеруді жұмыстың маңызды көрінісі ретінде атады. – Бүгінде азамат пен мемлекеттік органдардың қарым-қатынасы, етене араласуы мемлекеттік қызмет алумен байланысты. Бұл араласу сыбай­лас жемқорлыққа алып келуі мүм­кін. Яғни, халықтың құқықтық санасының төмен болуы және мем­лекеттік қызметті алу тәртібі туралы ақпараттандырылмағандығы осы салада сыбайлас жемқорлық көріністерінің негізгі себебі болып табылады» деді Қайыржан Тоқышев. Осындай сыбайлас жем­қорлық көріністерін болдырмау мақсатында бүгінгі күні ше­неуніктердің азаматтармен ті­келей байланыстарын азайтатын және сыбайлас жемқорлық кө­ріністерін барынша тежейтін қыз­меттер саласын дамыту мен мем­ле­кеттік аппарат жұмысын ақпа­раттандыру жөнінде кешенді шаралар қабылдануда. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.