Аймақтар • Бүгін, 08:30

Қайырымдылық – баршаны біріктіретін құндылық

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рамазан айында ізгі амал жасау түркістандық жас­тар арасында дәстүрге айналған. Жылдағы үрдіспен Түркістан қаласындағы «Бекзат» шағын ауданының 1995 жылы туған ер-азаматтары көпбалалы отбасына баспана кілтін табыстады.

Қайырымдылық – баршаны біріктіретін құндылық

Жал­ғызбасты ана Айсұлу Көшер­­­бае­ва тағ­дыр тау­қыметімен мүмкін­ді­гі шек­теулі әкесіне қам­қор­лық жасай жүріп, төрт перзентімен бірнеше жылдан бері пәтер жалдап күнелтіп келген. Рамазан айында қайырымды істің шарапатын көрген отбасы жақсылыққа жаны құмар жандарға алғысын білдірді. Бес бөлмелі баспананың лентасын қиып, кілтін табыстау ауыл ақсақалы Дәулеткерей Оспановқа, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Адыр­бекқызына, мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің қарындасы Айғаным Серімге бұйырды. Айта кетейік, 1988 жылы туған азаматтардың бастамасымен қолға алынған Наурыз мерекесі қарсаңында бір отбасын бас­панамен қамту шарасын бұл жолы 1995 жылы туған жігіттер жалғастырды. Игі дәстүрдің нәтижесінде осы уақытқа дейін 20 отбасы баспаналы болып отыр.

Шардара ауданы Қос­сейіт ауылдық округінде «Сырдария» жалпы орта мектебін 2006 жылы бітір­ген түлектер көпбалалы әрі баспанаға мұқтаж отбасына баспана сыйлады. Сондай-ақ аудан әкімі Арман Қарсыбаев орталық мешіттің бас имамы Қажымұқан Қазы­баевқа демеушілердің қолдауымен алынған бес бөлмелі қызметтік үй мен жаңа қызметтік автокөлікті салтанатты түрде табыс етті.

Ораза айт қарсаңында Төлеби ауданында да қайы­рым­дылық шарасы өтті. «Қуаныш Ешенқұл» жеке қорының демеушілігімен ұйымдастырылған игі іс барысында 200 әлеуметтік аз қамтылған отбасына азық-түлік себеттері табысталды.

 

Түркістан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Әділ қоғам жауапкершіліктен басталады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:10

Бес жыл күткен ғасырлық той

Руханият • Бүгін, 08:50

Әлеуеті артқан шаһар

Экономика • Бүгін, 08:45

Жылылық

Руханият • Бүгін, 08:40

Түйенің құмалағы

Таным • Бүгін, 08:35